Ресейде мигранттарға «ковидсіз саяхат жаса» қосымшасын қолдануды міндеттеді

Ресей 25 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (Армения, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстан) мүше елдерден келетін мигранттарға «COVID-19 вирусынсыз саяхат жаса» қосымшасын пайдалануды міндеттеді. Бұл жөнінде Ресей үкіметінің арнайы қаулысында айтылған.

1 қыркүйектен бастап бұл талап Әзербайжан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінен келетін азаматтарға да тиесілі болады.

«COVID-19 вирусынсыз саяхат жаса» мобилді қосымшасы биыл ақпан айында іске қосылған. Онда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПЦР-тест нәтижелерінің бәрі сақтаулы тұрады.

Оны Ресей арқылы үшінші елге кетіп бара жатқан жолаушылар қолданбаса болады.

Ресей ІІМ осыған дейін мигранттарға арналған арнайы «Мигрант» қосымшасын әзірлеуді ұсынған. Онда Ресейге жұмыс істеуге келетін мигранттар жайында барлық ақпарат болады делінген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий