Ресейде Навальныйды қолдау акцияларында 90-нан астам адам ұсталды

4 маусымда Ресейдің бірқатар қалаларында өткен қамаудағы оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қолдау акцияларында 90-нан астам адам ұсталды. Бұл туралы «ОВД-Инфо» құқық қорғау жобасы хабарлады.

Ақпратқа қарағанда, Мәскеуде 50-ден астам, Санкт-Петебургта 10-ға жуық адам ұсталды. Олардың арасында төрт жасөспірім бар.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, шын мәнінде қамалғандар саны мыңнан көп болуы мүмкін.

Барнаул қаласында үрленген шар көтеріп шыққаны үшін Ольга Меркулова ұсталса, Красноярскіде Артур Садыков асфальтқа бормен сызғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Мәскеуде Сергей Суровцев «ШИЗО» деп жазғаны үшін ұсталды.

4 маусымда қамауда отырған Алексей Навальныйдың туған күні болды. Оның жақтастары әлемнің ондаған елінде акциялар өткізетінін мәлімдеген.

Навальный Владимир облысы Мелехово қаласындағы күшейтілген колонияда тоғыз жылдық жазасын өтеп жатыр.

Навальныйдың жақтастары оны Путин саясатын ашық сынағаны үшін сотталып жатқанын айтады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий