Ресейде тәжік азаматтарының жаппай ұсталып жатқанына байланысты Душанбе алаңдаушылық білдірді

Тәжікстандағы Ресей елшісі Семен Григорьев 24 мамырда сыртқы істер министрлігіне шақырылып, Ресейде тәжік азаматтарының жаппай ұсталып жатқанына байланысты Душанбенің алаңдаушылығын жеткізді.

Тәжікстан билігі «миграциялық проблеманы бірлесіп шешу тетігін қарастыру қажеттігін» мәлімдеген. Хабарламада сонымен бірге Ресей елшісімен кездесу кезінде 19 мамырда Комсомольск-на-Амуре қаласындағы техникалық университетте оқитын тәжік студенттеріне көрсетілген әлімжеттік те көтерілген.

«Бұл оқиға тәжік-орыс стратегиялық әріптестіктің талаптарына сәйкес келмейтіндігі, білім саласындағы өзара қарым-қатынасқа зияны тигізуі мүмкін екені» айтылды делінген хабарламада.

Тәжікстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Умед Бобозода ресейлік әріптесі Татьяна Москальковаға қайрылып, тәжік студенттері басындағы болып жатқан жағдайды ашық түсіндіріп беруін сұраған.

Еске салайық, 19 мамырда таңертең 100-ден астам тәжік студентін Хабаровск өлкесінің күш құрылымдары соққыға жыққан. Олар жатақханаға сабақ басталардан бұрын келген, бейнебақылау камераларын өшіріп, студенттерді ұра бастаған. Куәгерлердің айтуынша, бетіне маска таққандар саусаққа киілетін кастет секілді арнайы затты қолданған.

Мұнымен қоса Тәжікстанның Ресей паспортын алған азаматтарының федерация аумағынан шығуы шектелген. Ресейде тұратын қос азаматтығы бар тәжікстандықтар федерация аумағынан шығуға тыйым салығанын РФ мемлекеттік қызметтер порталынан білген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий