Ресейдің ІІМ және СІМ басшылары Тәжікстанда ресми сапармен жүрген кезде, Ресейде тәжік мигранттарын ұстау жалғасып жатты.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров 5-6 маусымда ресми сапармен Душанбеге барып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен және тәжік әріптесі Сироджиддин Мухриддинмен кездесті. Сапар барысында екі тарап Ресейдегі тәжік миграциясын талқылаған. Бұл салада байланысты нығайтуға және кикілжіңдерді шешуге келіскен.
Алайда, дәл осы күндері Озоди радиосы редакциясына Санкт-Петербургте тәжік мигранттарына қарсы жүргізіліп жатқан рейд жөнінде видеолар түсіп жатты. Ресей билігі мигранттардың құжаттарын тексеру үшін жоспардан тыс рейд жүргізілгенін мәлімдеген.
«Санкт-Петербургте мигранттардың жағдайы күрт нашарлап кетті. Оларды жаппай ұстап жатыр. Барлық полиция бөлімшелері тәжік мигранттарына толы. Жігіттер, өздеріңді қорғаңдар», — деген мигранттардың бірі жібірген видеода.
Биыл мамыр айынан бері Ресейде жүздеген тәжік мигранттары ұсталып, соққыға жығылып жатыр. Тексерулер Ресейдің Мәскеу, Подмосковье, Комсомольске-на-Амуре, Санкт-Петербург, Самара және басқа да өңірлерде жүрген.