Ресейде Тәжікстан азаматын еліне қайтарудың орнына соғысқа жіберейін деп жатыр

Ресейде заңсыз жүргені үшін ұсталған шетел азаматын еліне қайтарудың орнына Украинадағы соғысқа жіберу үшін әскери бөлімге апарған.

Бұл жөнінде «Холод» басылымы жазды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол әскери қызмет туралы келісімшартқа қол қоймаған, өзі үшін қол қойып жіберген болуы мүмкін деп те болжайды.

Далержон есімді Тәжікстан азаматы 4 мамырда Ленинград облысы Кингисепп қаласында ұсталған. Оның Ресейде жүруіне рұқсат құжаты болмаған. Ертесінде сот оған 3 мың рубль (37 доллар) көлемінде айыппұл салған. Бұдан кейін оны депортациялануы тиіс шетел азаматтары отыратын орталыққа әкелген, алайда 30 мамырда оны әскери бөлімге жіберген.

Тәжік азаматы «Холод» басылымына соғысқысы келмейтінін, үйіне қайтқысы келетінін айтқан. Алайда оған «келісімшартқа қол қойып қойдың» деген.

Далержонның айтуынша, оның төлқұжатын тартып алған. Ол өзімен бірге әскери бөлімде соғысқа барғысы келмейтін тағы бір Өзбекстан азаматы барын айтқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий