Иркутскідегі тәжік қоғамының басшысы Алишер Ширинов 23 маусымда мигранттар төбелесінен кейін ауруханаға түскен төрт тәжік азаматының жағдайы бірқалыпты деп мәлімдеді.
23 маусымда газ кенішінде жұмыс істейтін мигранттар өзара төбелесіп қалған. Нәтижесінде төрт тәжік және бес қырғыз азаматы зардап шеккен. Отызға жуық мигрант ұсталған.
Алишер Ширинов Құрбан айт қарсаңында төбелескен тараптар татуласқанын хабарлады. Олар енді жанжалға жол бермеуге уәде берген.
Иркутскідегі Ковыктин газ кенішінде мыңнан астам мигрант жұмыс істейді. Олардың дені қырғыз және тәжік азаматтары.