Ресейдегі мигранттар ВИЧ жұқтырмағаны туралы анықтама тапсыруы тиіс

Ресейге 90 күннен көп уақытқа келетін еңбек мигранттары мен шетел азаматтары 29 желтоқсаннан бастап ВИЧ инфекциясын жұқтырмағаны, есірткіге тәуелді еместігі туралы медициналық анықтама өткізуі керек.

Ресейдің ішкі істер министрлігі осындай жарлық жобасын дайындады. Құжаттар 30 күн ішінде өткізілуі тиіс.

Кәмелет жасқа толмаған шетел азаматтарының құжаттарын ата-аналардың бірі тапсырады.

Құжаттар шет тілінде толтырылса, оларды орыс тіліне аударып, нотариуста бекіту керек.

Мигрант бұл құжаттардың электронды нұсқасын жолдай алады.

1 қазанда Ресейде заңсыз мигранттарды елден депортациялауға жарияланған мораторий аяқталды. Одан соң мұндай жеңілдік мерзімі 2021 жылдың 30 желтоқсанына дейін созылғаны хабарланды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий