Ресейдегі мигранттар жұмыс қысқарып, жалақы азайғанына шағымданды

Акция протеста курьеров Delivery Club

Ресейде тамақ пен азық-түлік жеткізумен айналысатын ірі сервис — Delivery Club-та жұмыс істейтін ондаған еңбек мигранты бір аптадан бері наразылық акциясын өткізіп жатыр. Орталық Азия елдерінің азаматтары жалақының қысқаруына қарсы.

Мигранттардың айтуынша, бұрын жаяу курьер тапсырысты орындағаны үшін 120 рубль, мейрамханаға дейін екі және одан көп шақырым жүріп өткені үшін қосымша 40 рубль, тапсырыс берушіге дейінгі жолдың әрбір шақырымы үшін тағы 20 рубль алатын. 21 сәуірден бастап курьерлерге тапсырысқа 90 рубль, әрбір шақырымға 20 рубль ғана төлейтін болды. Delivery Club курьерлері бірнеше күннен бері жаңа тарифтерге қарсы ереуіл өткізіп жүр.

«Ресей мен бүкіл әлем қазір қандай жағдайда екенін білеміз, бірақ біз ақы төлеудің бұрынғы жүйесін қайтарғымыз келеді», деп мәлімдеді еңбек мигранттарының бірі. Олар ереуілден видео түсіріп, оны Озоди радиосына жолдады.

Delivery Club-тағылар ешқандай ереуілді байқамағанын, курьерлер жеткілікті екенін мәлімдеген. Сервис басшылығы курьер жұмысының тарифтері өзгермеді деп отыр.

Ресейдегі еңбек мигранттары екі айда жұмыс қысқарып, жалақы азайып кеткенін айтып жүр. Оның үстіне айлықты кешіктіріп беретін болды.

Адам құқықтарын қорғаушы Мұхаммаджон Собиров мигранттар шағымы көбейгенін хабарлады. «Қиын жағдай. Мигранттардың көбі жұмыссыз қалды. Олар бізге хабарласып, жұмыс сұрайды. Батыстың жүздеген компаниясы Ресей нарығындағы жұмысын тоқтатқан соң, еңбек мигранттары қиын жағдайға қалды», дейді ол.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий