Ресейдегі журналистер мамандықты жойып жатыр деп мәлімдеді

Одиночный пикет в поддержку журналистов, признанных «иноагентами», Новосибирск, 16 июля 2021 года

Новосибирск қаласында «шетел агенттері» деп танылған журналистерге қолдау акциясы өтіп жатыр. Наразылық акциясына қатысушылар Ресейде журналист мамандығын жойып жатыр деп мәлімдеді.

«Такие дела» басылымының журналисі Рита Логинова қаланың орталық алаңына «Журналистер жау емес! БАҚ еркін болуы тиіс» деп жазылған плакат ұстап шықты. Пикет өткізген тағы бір белсенді «Проект» билік әрекетін зерттесе, авторын «шетел агенті» деп жариялайды» және «Журналистика қылмыс емес» делінген плакат көтеріп тұрды.

15 шілдеде Ресейдің бас прокуратурасы «Проект» басылымын «зиянды ұйым» деп жариялаған. Ресейде тағы 8 журналист әділет министрлігінің «шетел агенттерінің бұқаралық ақпарат құралы» тізіміне енгізді.

«Проект» бас редакторы Роман Баданин, басылым журналистері — Пётр Маняхин, Ольга Чуракова, Мария Железнова және Юлия Лукьянова «шетел агенті» деп танылды. «Открытые Медиа» бас редакторы Юлия Ярош, оның орынбасары Максим Гликин және Азаттық радиосы орыс қызметінің журналисі Елизавета Маетная да осы тізімге енгізілді.

Маусым айының аяғында полиция «Проект» басылымының бас редакторы мен журналистерінің үйін тінтіген. Оларға президент Владимир Путиннің жақтасы саналатын кәсіпкер Илья Траберге жала жапты деген айып тағылған. Бұның алдында ғана «Проект» ІІМ басшысы Владимир Колокольцев пен оның туыстарының жылжымайтын мүліктері туралы зерттеу жарияланатынын хабарлаған.

Биыл сәуірдің соңында әділет министрлігі «Медуза» басылымын шетел агенттері тізіміне қосты. Жармана берушілер басылыммен жұмыс істеуден бас тартып, редакция оқырмандардан көмек сұраған.

«Шетел агенті» деп танылған VTimes басылымы бірнеше аптадан соң жабылып қалды.

Ресейде шетел агенттері жөніндегі заң 2012 жылы күшіне енген. Құжатқа сәйкес, шетелден қаржыландырылатын, саяси қызмет жасайтын кез келген коммерциялық емес ұйым немесе қоғамдық қозғалыс шетел агенттері тізіміне қосылуы мүмкін.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий