Ресейдің қорғаныс министрлігі Херсонды басып алғанын мәлімдеді

Ресейдің қорғаныс министрлігі Херсон қаласын әскермен басып алғанын мәлімдеді. Украинаның оңтүстігіндегі облыс орталығында 300 мың адам тұрады.

Украин жағы қала Ресей әскеріне берілді деген мәліметті растамады. Қала мэрі фейсбукте «біз әлі де Украинамыз» деп жазды.

Украинаның Херсон облысындағы ұрыстар 24 ақпанда басталған, келесі күні ресейлік жауынгерлер стратегиялық маңызды Антон көпіріне бақылау орнатты. 1 наурызда қала мэрі Игорь Колыхаев әкімшілік орталық қоршауда қалғанын, алайда украин билігінің бақылауында екенін мәлімдеді.

1 наурызда кешке Колыхаев Азаттық радиосының Украин қызметіне сұхбат беріп, қаланың қатты зардап шеккенін, жауынгерлер мен бейбіт тұрғындар опат болғанын айтты. 2 наурызда таңертең ол қала тұрғындарынан көшеге шықпауын, атыспауын сұрады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий