Ресейдің екі қаласында Қырғызстанның бас консулдығы ашылады

Ресейдің Санкт-Петербург және Қазан қалаларында Қырғызстанның бас консулдығын ашу туралы бұйрыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды.

Қырғыз президенті әкімшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, екі қаладағы бас консулдықтар Қырғызстан азаматтарына Ресейде заңдық тұрғыдан көмек көрсету мақсатында ашылмақ.

Ресейде бір миллионға жуық қырғыз азаматы жұмыс істейді.

Бүгінде Мәскеуде, Екатеринбург қалаларында бас консулдықтар жұмыс істейді. Ал Новосибирскіде вице-консулдық істейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий