Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдің миграциялық заңдарына маңызды өзгерістер енгізгенін мәлімдеді.
Оған сәйкес, қырғыз азаматтары биыл қазан айынан бастап Ресейге барар кезде, жасы кәмелетке толмаған балалары туралы мәліметтерді миграциялық тіркеу органдарына электронды формат арқылы жібере алады. Ол үшін «Мемлекеттік және муниципалдық қызметтердің біріңғай порталында» жеке кабинеті болуы тиіс.
«Пәтерді жалға алу туралы келісімге келерде азаматтар сол үйдің иесінің рұқсатынсыз (өзі барып, не электронды түрде) өзі және балалары туралы мәліметті сол келісімде бере алады», — деп жазылған мәліметте.
СІМ заңдағы мұндай өзгерістер жоғары деңгейдегі келіссөздер арқылы жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, Ресейде миллионнан астам қырғыз мигранты бар. Биресми мәлімет бойынша, орыс төлқұжатын алған қырғыздардың саны 500 мыңға жуық.