Ресейдің Тәжікстандағы 201-әскери базасы тактикалық оқулар өткізіп жатыр

18 қаңтарда Ресейдің 201-базасының мотоатқыштар бөлімі Ляур мен Сумбули полигондарында тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.

Ресейдің орталық әскери округының хабарлауынша, оқу барысында артиллерия мен тікұшақтар қолданылды. Жаттығуларға 1 мың жауынгер қатысты.

Тәжікстандағы 201-әскери база — Ресейден тыс жерде орналасқан ең ірі әскери нысан. Ол Душанбе мен Бохтарда орналасқан. База құрамында 7 мың сарбаз бен офицер бар.

Ауғанстанда билікке «Талибан» қозғалысы келгелі бері 201-әскери база құрамындағы бөлімдер жүз шақты оқу-жаттығу өткізді. Әскери базаға артиллерияның жаңа түрлері, зымыран қондырғылар, тікұшақтар мен танктер жеткізілді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий