Ресейдің Тергеу комитеті Путиннен мигранттарға қатысты заңды күшейтуді сұрады

Ресейдің Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин президент Владимир Путиннен иммиграциялық заңға өзгеріс енгізуді сұрады. Бастрыкиннің Путинге жазған хатында «мигранттардың жанжалы көшедегі жаппай тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін» екені айтылған.

«База» Telegram-каналының жазуынша, Тергеу комитетінің басшысы Владимир Путинге хат жазған. Каналда хаттың көшірмесі бар.

Онда Бастрыкин еңбек мигранттарына шағымданған. «Өзбек, қырғыз, тәжік және агрессивті гастарбайтерлар жағдайды қиындадаты» деп атап өткен.

Бастрыкиннің келтірген мәліметіне қарағанда, 2021 жылдың соңғы 11 айында шетелдіктер тарапынан 33,5 мың қылмыс жасалған. Оның ішінде Ленинград облысында алты өзбек азаматының екі полиция қызметкерін ұрып-соққаны атап өтілген. Сонымен бірге мигранттардың Ресейдің тұрмыстық қызметін толық «монополизациялап алады» деген қауіптің бары да айтылған.

Хат соңында Тергеу комитетінің төрағасы миграциялық заңды күшейту керек екенін жеткізген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий