Ресейге бара алмаған мыңдаған өзбекстандық Қырғызстаннан жұмыс іздеп жүр

Өзбекстанның халқы ең көп орналасқан Ферғана облысының тұрғындары жұмыс іздеп Қырғызстанға барып жатыр.

Олар күнделікті таңертең Ош облысындағы шекарадағы «Дустлик» өткізу бекеті алдында тұрады. Осы жерде оларды қысқа уақытқа жұмысқа алады.

«Ерте келгендер түске дейін жұмыс табады. Қырғызстанда тәулігіне 10-20 доллардан ақша табамыз. Бұл — өте жақсы! Кейде үйге бос қайтамыз», — дейді Ойбек.

Өзбекстанда орта есеппен айлық 130 долларды құрайды.

Ойбектің айтуынша, пандемияға байланысты көптеген өзбекстандық Ресейге жұмыс істеуге бара алмаған.

АҚШ-тағы халықаралық институттың (IRI) жүргізген сауалнамасына сәйкес, Қырғызстанда респонденттің 60 проценті елдегі ең күрделі проблема жұмыссыздық деп атаған.

«Бірінші кезекте бізге өзіміздің азаматтарымызды жұмыспен қамтуымыз керек. Қазір елде өзбек азаматтары құрылыста жұмыс істеп жатыр», — деді Ош облыстық халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының жетекшісі Ороз Шерипбаев.

Ресми мәліметке сәйкес, 2020 жылы Қырғызстанның 6,5 млн халқының 157 мыңы жұмыссыз ретінде тіркелген. Бірақ 500 мыңға жуық адам жұмыссыз.

«Дустлик» шекарашыларының сөздерінше, күнде Әндіжаннан 300 өзбек азаматы келеді. Олардың көбі жұмыс іздеп келеді екен. Жұмысқа алған тараптармен тек ауызша келісімге келеді. Ақша істеген жұмысына қарай күнделікті төленеді екен.

Өзбекстанда 35 миллион халық бар. Олардың экономикасы үшін мигранттар қаржысы маңызды. 2020 жылғы ресми мәлімет бойынша, жұмыссыздар саны 13 процентті құраған. Бірақ бұл көрсеткіш жоғары болуы мүмкін.

Пандемияға дейін жыл сайын 6 млн өзбекстандық Ресейге маусымдық жұмысқа кетіп отырған.

Пандемияға дейін Ресейге аптасына 87 ұшақ ұшатын. Кей кездері 100 рейске жеткен.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий