Ресейлік компания Қазақстанның тау-кен саласына миллиард доллар құюға уәде берді

«Русская медная компания» Абай облысындағы Айдарлы мыс кенішін игеру мен тау-кен байыту комбинатын салу құқығын алу үшін бір миллиард долларға жуық қаражат құйғысы келеді.

Облыс әкімі Нұрлан Уранхаев Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарын таныстыру жиынында осылай деп мәлімдеді.

Аймақ билігі Жанар жерасты су кенішін де игергісі келеді, алайда әзірге инвестор жоқ. Екі кенішті игеруге және тау-кен комбинатын салуға бюджеттен 560,5 миллиард теңге бөлінеді.

«Русская медная компанияның» Абай және Жетісу облыстарында кеніштер игеру жоспары туралы алғаш рет былтыр 4 шілдеде премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлаған. Сол кезде үкімет басшысы Әлихан Смайылов компания президенті Всеволод Левинмен Жетісу облысындағы Көксай, Абай облысындағы Айдарлы кешінтерін игеру жоспарын талқылаған.

Аймақ басшысы Нұрлан Уранхаев «Русская медная компаниямен» келісім-шарт қалай жасалғанын «білмейтінін» мәлімдеді.

— Мен осы қызметке келмей тұрып болған, кеніш осы компанияға рәсімделген. Бізге оның қалай пайда болғаны емес, инвестордың келгені, ақша құйғаны, жаңа жұмыс орындарын ашқаны маңызды, — дейді облыс әкімі.

Бұған дейін Айдарлыны «Қазақмыс корпорациясы» игерген. Корпорацияға Сингапурде тіркелген East Copper Holdings Private Limited арқылы Владимир Ким (акциялардың 70 пайызы) пен Эдуард Огай (30 пайыз) иелік етеді.

«Русская медная компания» ресейлік кәсіпкер Игорь Алтушкинге тиесілі. Оған санкцияға ілінген Орал даму және қайта тұру банкі де қарайтыны мәлім.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий