Ресейде дәл жүрегіне садақтың екі оғы тиген азамат аман қалды (фото)

Оқ тиген азамат. Фото: © vk.com

Ресейдің Петербург қаласында дәл жүрегіне садақтың екі оғы тиген азамат жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер оны о дүниеден аман алып шыққан. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде 53 жастағы тұрғын жансақтау бөлімінде қалыпты ауыр жағдайда жатыр.

Фото: © L!FE

Арбалеттің екі садағы тиген тұрғынды дәрігерлер пәтерінен тапқан. Оған шұғыл түрде жоғары білікті дәрігерлер ота жасап, өмірін сақтап қалды. Бүгінде оқыс жағдайға байланысты тергеу жүргізілуде. Ер адамның қалайша жарақат алып жүргені белгісіз.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий