Скриншот Бірінші арнадан алынды
Ресейдің Волгоград қаласының тұрғыны 10 жылдан бері ит пен мысықтың етін жеп күн көретінін айтты. Бұл жаңалық халықты дүр сілкінтіп отыр.
51 жастағы Ирина Васильева соңғы он жылдан бері қаңғып жүрген ит пен мысықты сойып, отбасы мүшелеріне тамақ дайындайтынын ашып айтты. Оның мұндай қадамға баруына күйеуінің ауыр дертке ұшырауы да себеп болған.
Бұл жаңалықты естіген Иринаның көршілері таңырқап отыр. Олар өздерінің жоғалып кеткен ит-мысығы көршілері үшін күнделікті тағамға айналғанына сенімді. Олар Ирина Васильеваның отбасын қалай жазаларын білмейді. Себебі, жергілікті прокуратура мұндай адамдардың елде көп екенін айтқан.