Ресейде телефонын ваннаға түсіріп алған оқушыны тоқ соғып қайтыс болды

13 жасар қыз тоқта қуатталып тұрған телефонын ұстап ваннаға түскен.

Ресейдің Красноярск өлкесінде су толтырылған ваннаға телефонын түсіріп алған оқушыны тоқ соғып, қайтыс болды. Бұл туралы Ресей тергеу комитеті хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Өткен бейсенбіде 13 жасар қыз тоқта қуатталып тұрған телефонын ұстап ваннаға түскен. Алдын ала болжам бойынша, ол құрылғыны суға құлатып алған.

Жасөспірімнің анасы қызының айқай салған дауысын естіп, есікті қаққан. Бірақ кілттеулі тұрған ванна бөлмесінен ешкім жауап бермеген. Содан туыстары құлыпты бұзып ашқанда ваннада денесін электр тоғы соққан қызды тапқан.

«Ресей Федерациясының Краснояр өлкесіндегі тергеу комитетінің тергеу органдары 13 жасар қыздың ваннадағы өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады (Қылмыстық кодекстің 109-бабы 1-бөлімі)», – деп хабарлайды Ресей тергеу комитеті.
Бүгінде оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий