Ресейдегі ең беделді қазақ губернаторлардың бірі қатты науқас

Аман Төлеев.Фото: Коммерсантъ

Ресей президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко Аман Төлеевтің денсаулығы қиын екеніне қарамастан, Кемерово облысында губернатор ауыстыру жоспарда жоқ екенін айтты деп хабарлайды baq.kz.

«Бәрі қалыпты. Ол ауыр операциядан шықты. Одан да тезірек сауығуын тілейік. Ол – Ресейдегі ең беделді губернаторлардың бірі», — деді Кириенко.

Басылымның хабарлауынша, өткен аптаның соңында бір жарым ай Мәскеуде емделген соң Аман Төлеев Кемеровоға қайтып келген. Ол Ресей астанасындағы Президент іс басқармасы орталық клиникалық ауруханасында емделген.

«Төлеевтің қозғалу мүмкіндігі әлі де төмен. Ұшақтан оны сүйемелдеп емес, көтеріп алып шыққан. Облыс әкімшілігі айтқандай, губернатордың қашан жұмысқа шығатынын дәрігерлер шешеді», — деп жазады басылым.

Кей мәліметтер бойынша, губернатор өңірге Кенші күні мерекесінің 70 жылдығына қатысу үшін келген. Алайда, негізгі мерекелік шаралар Мәскеуде өтеді, сондықтан көмір компанияларының басшылары астанаға кетпек.

«Онда Аман Төлеев те ұшуы керек еді. Бірақ ол қазіргі жағдайында ұшып бара ала ма, ол жағы белгісіз», — де жазады»Коммерсанть» басылымы.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий