Ресейдің жойғыш ұшағы Жерорта теңізіне құлап кетті

Жойғыш ұшақ. Көрнекі сурет.

Ресейдің көп функциялы Су-33 жойғыш ұшағы «Адмирал Кузнецов» авиа тасығышына қонатын кезде апатқа ұшырады деп хабарлады Ресей қорғаныс минитсрлігіне сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігі.

Ұшқыш катапультпен секіріп кетіп, құтқарушы тікұшақпен әкетілген деп жазады Азаттық.

Министрлік апат ұшақты крейсер палубасында тежеуге көмектесетін сым арқанның үзіліп кетуінен болды дейді.

Қарашаның ортасында Ресей қорғаныс министрлігі «Адмирал Кузнецов» қызмет ететін Миг-29 жойғыш тікұшағының апатқа ұшырағанын хабарлаған. Ведомство ұшақ крейсерге жақын теңізге құлағанын, ұшқыштың құтқарылғанын мәлімдеген.

Ресейдің әскери-теңіз флотындағы жалғыз «Адмирал Кузнецов» авиа тасығыш крейсері Жерорта теңізінде жүр. 15 қарашада крейсерден Сириядағы нысандарға әуеден шабуыл жасала бастаған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий