«Серебро» тобы Қазақстанда
Ресейлік телеарналардың біріне қонақ болған жұлдыз Ольга Серябкина Қазақстанға деген өзінің көзқарасын айқын көрсетті. Ол «Қазақстанға түкіргені бар» екенін айтты.
Қазақстанға арнайы шақыртумен жиі келетін аталған топ мүшесінің әрекеті желідегілердің ашуын тудырды. Олар түрлі пікірін жазып, әншіні сынап тастады.
Ал топ директоры Елена Вакулинаның Tengrinews-ке айтуынша, алдымен бұл сөздің қандай мәнмәтінде айтылғанын түсініп алған жөн. Вакулина Серябкина видео үндеу жазып жолдайтынын айтып сендірді.