Ресейлік тұрғын ұйқы бермей, мазасын алған ұлын терезеден лақтырып жіберді

tambov.kp.ru

Кабардино-Балқарияда әкесі ұйықтауына маза бермеген сегіз айлық баласын терезеден лақтырып жіберген деп хабарлайды tambov.kp.ru сайтына сілтеме жаcаған NUR.KZ.

Ішімдік көп ішіп қойған 34 жасар ер адам ұйықтамақ болған, бірақ оған қатты жылаған баласы Алеша маза бермеген.

Ашуланған ер адам баласын төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жібереді. Салдарынан нәресте ауыр жарақат алған. Баланы өлімнен кездейсоқ өтіп бара жатқандар құтқарып қалады. Қазір дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Тергеушілер анықтағандай, сәбидің анасы ішіп алып, көршілерімен төбелескені үшін тергеуде отыр. Баланың әкесі психиатриялық емханада «олигофрения» диагнозымен тіркеуде тұр.  Ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыссыз. Қазір оларды ата-аналық құқығынан айыру қарастырылуда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий