Өркениеттен қалып қойған тайпа ұшақты көріп есі шықты

Фото: Guilherme Gnipper Trevisan/Hutukara, The Sun

Оңтүстік Американың джунглилерінде өмір сүретін, жоғалып кетуге шақ қалған тайпаның суреттері жарияланды. Олар алғаш рет ұшақты көріп, есі шығып кетті.

Моксихатетима (Moxihatetema) тайпасының өкілдері Бразилияның солтүстігіндегі Амазонка троипикалық ормандарында өмір сүреді. Венесуэла шекара маңына жақын жерде тұратын олар өркениеттен мүлдем алыстап қалған.

Олар малока деп аталатын жеке ауыл секілді бөлек әлемде өмір сүреді. Өзге адамдармен байланысқа түсуден қашқақтаған тайпа өкілдерін ұшақ арқылы суретке түсіріп алған. Себебі олар бөтен адамдармен тілтесуден қаша жөнеледі екен.

Фото: Guilherme Gnipper Trevisan/Hutukara, The Sun

Бұл суреттерден ұшақтағы камераға найзасын қадауға оқталған ер адамды көруге болады.

Фото: Guilherme Gnipper Trevisan/Hutukara, The Sun

Ол тіпті өзінің найзасын камераға қарай лақтырып та жібереді.

Фото: Guilherme Gnipper Trevisan/Hutukara, The Sun

Тайпаның өзге өкілдері болса, өздеріне қызық әрі қорқынышты болып көрінген ұшаққа таңырқай қарап тұрады.

Моксихатетима — бұл осы аймақты мекендейтін яномамо тайпаларының бірі. Оларды жергілікті билік үнемі бақылап, қадағалап отырады. Сонымен бірге, билік оларды заңсыз алтын өндірушілерден де қорғауды өз мойнына алған.

Дереккөз: deadbees.net

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий