Ұрланған қалыңдық өзін кемсіткен күйеу жігіт пен оның әпкесін сотқа берді

Көрнекі фото: 24.kz

Шымкент гарнизоны әскери соты келісім шарт бойынша әскери қызметкер мен оның әпкесіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131 бабы 1 тармағымен қозғалған жеке айыптау туралы қылмыстық істі қарады деп хабарлайды Қазақстан әскери сотының баспасөз қызметі.

Іс бойынша анықталғандай, жеке айыптаушы  «А» сотқа айыпталушы «Е» мен «В»-ны абыройы мен қадір қасиетін әдепсіз түрде кемсіткендері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым берді.

2016 жылы шілде айында бойжеткенді еркінен тыс үйлеріне алып қашып, жас жігітке жар болуға көндіреді. Алайда, «ұрлықшылар» бірінші неке түннен кейін жазықсыз қалыңдықтың абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткен. Жәбірленуші «А» дәрігер гинекологқа қаралып, сараптама қорытындысына сәйкес абыройсыз екені дәлелденбеген.

Соған қарамастан айыпталушылар жәбірленуші «А»-ның жеке басына нұқсан келтіретін сөздерін айтуын тоқтатпаған. Сот отырысы барысында «Е» мен «В» кінәларын мойындамай, келіншекпен татуласу рәсімнен бас тарты.

Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімі негізінде «Е» мен «В» Қазақстан Республикасы  қылмыстық кодексінің 131 бабының 1 тармағымен теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп табылып, жаза ретінде екеуіне тиісті 20 және 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалған.

Сотталушылар «Е» және «В» үкіммен келіспей апелляциялық сот алқасына шағымданған. Сотталушылардың шағымы апелляциялық алқасымен қанағаттандырусыз қалдырылған. Үкім заңды күшіне  енді.

Sputnik Казахстан

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий