Құрттап кеткен қарбызды базарда сатпақ болғандар жұрттың ашуына тиді (видео)

Оқырман құрттаған қарбыздарды жұртқа сатпақ болғандардың видеосын жолдады.

Видеода тексеруші қызметкерлер құрттаған қарбыздарды көріп, «жағасын ұстап» жатқанын байқауға болады. Бұл оқиға Астана немесе Шымкент қаласында болған деген болжам бар.

«Егер мынаның ішінен құрт шығатын болса, оны адам түгілі малға беруге болмайды» деп күйінген тексеруші әйел қарбыздың бәрі құрт екенін айтуда.

«Мынаның іші толған құрт. Адам баласына жеуге болмайды. Сатқызбаймын», «35 тоннаның бәрінің көзін жоямыз. Биыл ЭКСПО. Шетелдіктер мұны көрсе, сұмдық қой», — деген қызметкерлер қарбызды сатылымға жібермей қояды.

Ал қарбызды сатпақ болғандар жемісті «Жетісай ауданы Большевик совхозы Ділдәбек ауылынан» алып келе жатқанын алға тартуда.

NUR.KZ

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий