Өрттен қашпақ болған әйел сегізінші қабаттан құлап кетті

Мәскеудегі тұрғын үйлердің бірі өртке оранып, ондағы әйел сегізінші қабаттан құлап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әйел өрттен қашамын деп балконның шетіне шығады. Алайда күші сарқылып, қолы тайған келіншек сегізінші қабаттан төменге қарай құлап кеткен. Ал мұны терезесінен видеоға түсіріп тұрған азамат көмекке асығар емес.

Дәрігерлер бірден әйелді емханаға алып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша ол тірі, дегенмен комаға түскен. Өртенген ғимараттан тоғыз адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Видео: News Daily

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий