Сәуірдің аяғына дейін Өзбекстанға Ресейдің «Спутник V» вакцинасының 300 мың данасы жеткізіледі. Бұл туралы өлкенің премьер-министрі Абдулла Арипов Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі республикалық комиссияның Ташкентте өткен отырысында айтты.
Ариповтің айтуынша, сәуір айының аяғына дейін Қытайдан тағы бір миллион дана вакцина келеді деп күтілуде.
Премьер-министр өлке азаматтары үш вакцинаның ішінен қалағанын таңдауына болады деді.
Осыған дейін Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 400 мыңнан асқанын хабарлаған.