Сәкен Майғазиев концерт беру үшін 20 млн теңге тұратын көлігін сатып жіберуге дайын (фото)

Танымал әнші Сәкен Майғазиев концерт беру үшін өзінің қымбат көлігін де сатып жіберуге дайын екенін айтты. Елге сапалы концерт жасап бермек ниеттегі әншінің Lexus LX 570 көлігі нарықта құны шамамен 20 млн теңге тұрады.

Сәкен Майғазиев наурыздың 7-іне жоспарлаған концертінің өзі үшін маңызы зор екенін жеткізді. Айтуынша, бұл концерттің құны барлық қырынан алғанда арзанға түспейтін көрінеді. Мәселен, ол өзінің шығармашылығын сүйіп тыңдайтын тыңдармандарына естен кетпес кеш жасап беру үшін құны 20 млн болатын қымбат көлігін де сатып жіберуге дайын екен. Бұл туралы әншінің өзі айтты.

 

Сәкен Майғазиев концерт беру үшін 20 млн теңге тұратын көлігін сатып жіберуге дайын

«Арзан концерт болмайды. Астымдағы темір тұлпарымды сатсам да, «шоколад» концерт жасаймын деп сендіремін», — деді әнші.

Еске салсақ, Сәкен Майғазиевтің алдағы концерті 7 наурызға жоспарланып отыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий