Сәкен Майғазиев сырға тағып, шашын түрлі түске бояйтын әншілерге жанайқайын жеткізді

Сәкен Майғазиев. Скриншот: видеодан

Шаштарын бағдаршамдай түрлі-түске бояйтындарды ұға алмайтын Сәкен Майғазиев жанайқайын әзілмен жеткізді.

Бұл туралы әнші Zhuldyz TV арнасына берген сұхбатында айтты.

«Жақында өзім бір әзіл ойлап тауып жатырмын. Құлақтарына, мұрындарына сырға тағып, көздерін, шаштарын қызылға, жасылға бояп жатқандарды көрген кезде, бір ата сұрапты. «Мына оңбағандарға айтатын ата-анасы жоқ па, ұрсатын?» десе, екіншісі: «Ата, оларды әке-шешелері танымайды ғой» деген екен», — дейді әнші.

Әнші жас ұрпақтың оларға еліктеп кететініне кепіл жоқ екенін алға тартады.

«Ертең өскелең ұрпақ осындай ағымдарға тез ілесіп кетуі неғайбыл. Ұлы тұлғалардың ұмытылып, тәрбиеге кері әсер ететіндердің кеңірек насихатталып жүргендеріне қарны ашады»,  — дейді ол.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий