Сұлу әнші қыздарға ерекше қуанып, езулері құлақтарына жеткен кореялықтар жұрттың таңданысын тудырды.
Желіде пайда болған видеода жігіттер қыздар тобының әнін қайталап, ерекше шатыққа бөленіп жатқанын байқауға болады. Ер жігіттердің бұл әрекеті көпшілікке оғаш көрінген.
«Кішкентай балалар сияқты», «Әр елдің өз қызықтары бар екен», — деп жазған пікір қалдырушылар.
«Бұл Real Men шоуы, ал мына жігіттер әскерде қызмет етеді. Кореяда жігіттер екі жыл бойы әскерде борышын өтейтінін ескерсек, олардың бұлайша қуануын түсінуге болады», — деп мән-жайды түсіндіруге тырысты өзге желі қолданушысы.