Асылхан Төлепов. Фото: Интернет желісінен
Көрерменнің сүйіктісі бұл күндері дубляж студиясында тынбай еңбектенуде. Өнер иесі Әбіш Кекілбаев шығармасының желісімен таспаланған картинаны дыбыстауға кірісіп кеткен.
«Өзіңнің даусыңды өзің жазу оңайға соғады. Басқа актердің даусын жазу қиындық тудырады», — дейді ол.
Соңғы кездері шетелдік туындылардың көбісі қазақшаға аударылып жатқаны рас. Тіпті Disneyland пен Моана кейіпкерлеріне әнші Мақпал Исабекова мен Бүркіт өз дауыстарын сыйлаған болатын.
«Ұсыныс түссе дыбыстауды жасар едім. Негізгі мамандығым актер және сөз сөйлеу мамандығының әртісі. Яғни жүргізушілік, дикторлық, дубляж жасау», — дейді ол.
Ал әншілерге қарағанда өзінің маман екенін алға тартқан Асылхан болашақта дубляж саласына бет бұруға қарсы еместігін айтады.