СҚО-да миллиондаған қаржы жұмсалған хоккей корты қирап қалды

Кадр КТК арнасынан алынды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы жылдары ашылған 7 жабық хоккей кортының бесеуі пайдалануға жарамсыз болып шықты. Енді оларды қайта жөндеуден өткізу керек деп хабарлайды КТК арнасы.

Біреуіндегі апаттан кейін тексеріс жүргізген арнайы комиссия мердігердің мойнына осындай міндет жүктеген.

Әрқайсысының құны 15 миллион тұратын бұл нысандар астаналық демеушілердің қызылжарлық балаларға жасаған сыйы.

Сапасыз салынған үш корт облыс орталығында орналасқан. Қазір олардың шатыры қайта жабылып жатыр. Ал аудандардағы қалған екеуінде де жаз шыға жөндеу жұмыстары басталмақ. Өткен жылы желтоқсанда Петропавлдағы корттардың біреуінің шатыры құлаған еді.

«Петропавлдағы корттың құлауына сапасыз құрылыс себеп болған. Мердігердің өзге нысандарында да дәнекерлеу жұмысы дұрыс атқарылмапты. Оның үстіне кортты орнататын жер таңдағанда, оның тығызыдығы мен жер асты суларының бары ескерілмеген.

Енді мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық мәселелерді   ескеруге тырысып жатырмыз», — деді Петропавл қалалық туризм және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Данияр Жолдасбаев.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий