Сағынтаевтың келетінін естіген семейлік шенеуніктер жанталасып көше тазалап жатыр (видео)

Фото Турар Казангапов ©

Премьер министр Бақытжан Сағынтаев 17 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысына іс-сапармен баруы тиіс. Мұны естіген жергілікті билік көшелерді ретке келтіріп әлек деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Олар қыс бойы қар шығарылмаған орталық көшелерді жанталасып тазалап жатыр. Тіпті, премьер министр жүретін жолдардың шұрық-тесігін білек сыбана бітеуге кіріскен.

Жұмысшылардың бұл ерсі қылығын жергілікті тұрғындардың бірі таспаға түсіріп алыпты.

Аталмыш видео ғаламторда кең тарап қызу талқыға түсуде. Онда пікір білдіргендердің бір бөлігі «Семейліктер ақ қар-көк мұзға қарамастан асфальт төсей береді» десе, енді бірі «жоғарыдан кісі келетінін білуге болады», — деп келемеж қылған.

Айта кетейік, жергілікті коммуналшылар сан мәрте ғаламтор жұлдызына айналған болатын. Олардың қыс мезгілінде күннің суықтығы мен қардың жауып тұрғанына қарамастан асфальт жайып жүргендері жұртты шошытқан еді.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий