Саакашвили: Порошенко бүкіл Украина халқын диетаға отырғызып тастады

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Украина президентінің кесірінен 30 келіге арықтап кеткенін айтты. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

«Порошенко менін азаматтықтан айырған уақытта мен өзімді жақсы сезінбедім, мен 30 келідей салмақ тастадым. Бұл ештеңе емес, ол бүкіл Украина халқын диетаға отырғызып тастады. Бізге ондай диетологтар қажет емес», — дейді ол.

Еске сала кетейік, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Украинада «Халықтық күштер рухы» оппозициялық қозғалысын басқарады. Биылғы жазда ол Украина азаматтығынан айрылған болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий