Садыр Жапаров: энергетика дағдарысынан 2024-2025 жылдары шығамыз

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 21 қазанда жергілікті өзін өзі басқару органдары басшыларының республикалық кеңесінде сөз сөйлеп, ең маңызды мәселелердің бірі энергетика дағдарысы екенін айтты.

Президент елдегі энергетика дағдарысынан 2024-2025 жылдары шығатынын мәлімдеді, бірақ биліктің ол үшін не істемек ойы барын айтпады.

Биыл Тоқтоғұл су қоймасына су өте аз жиналып, соның салдарынан Қырғызстанда энергетика дағдарысы басталды. Қазан айында қоймада бар болғаны 12,3 млрд текшеметр су болған, әдетте Тоқтоғұлға қыста 16-17 млрд текшеметр су жиналатын.

Қырғызстанда электр қуатының тапшылығы — 6 млрд кватт/с. Үкімет электр қуатын көрші елдерден сатып алуға мәжбүр.

Биыд Жапаров үкіметі жарық бағасын өсіруге кірісті, 15 қазаннан бастап елде жаңа тарифтер іске қосылды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий