САЛМАҒЫ 200 КЕЛІДЕН АСАТЫН ӘЙЕЛ ҚАЛЫПТЫ ӨМІР СҮРУДЕН ҚАЛҒАН

Елімізде тұрғындардың 20-пайызы семіздіктен зардап шегуде. Және бұл цифр келешекте өсе бермек. Бұндай алаңдатарлық болжамды мамандар бұрыннан бері айтып келеді. Тіпті 2018 жылы ғалымдар республикада жаппай семіздікке шалдығумен күресу үшін арнайы бариатрикалық қызмет құруды да ұсынған болатын. Бізде алдын ала есептеулер бойынша жылына 4000 ота жасалуы тиіс екен. Анығында ондай операциялар бірнеше жүздің айналасы.

Айтпақшы аталған проблема тек Қазақстанда ғана емес, әлемік түйткіл. Мәселен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болжамдарына сенсек 2030 жылы дүниежүзі халқының 41 пайызы семіздікке ұрынуы мүмкін. Яғни жартысына жуығы. Семіздікке шалдығудің түп төркіні, салдары, және бұл дертпен өмір сүрудің ауыртпалығы қаншалықты екенін бір адамның тағдырымен көрсетсек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Гүлнар Қалдыбаева. 50-ге де келмеген. Жөнді киім киіп көрмеген. Салмағы аса ауыр. Анықтау үшін адамға арналған таразының құдіреті жетпейді. Жүк өлшейтін арнайы аппарат керек.

ГҮЛНАР ҚАЛДЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
“200-ден асамын, но весы жетпейді”.

Семіріп кетуіне себеп көп. Толықтық тұқымында бар. Оған бақытсыз бала шақ, баянсыз осы шақ, бұлыңғыр болашақ қосылып, осыған әкелді.

ГҮЛНАР ҚАЛДЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
“Мен бала күнімнен толықпын. Тұқымым сондай. Содан 90-шы жылы тұрмысқа шықтым. Содан резко толып кеттім”.
Адам не үшін толады?

МАДИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ЭНДОКРИНОЛОГ
“Жоғары майлы тағамдарды жейді. Калориясы жоғары және, клечаткасы аз,көбінесе фаст фуд деп айтамыз, тәтті сусындар ішеді”.

Сөзінің жаны бар, салмақ жинап сергелдеңге түскен Сергей де, Данияр да, тамақ келсе тартынып қалмайды.

ДАНИЯР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
“Бешмармақ. Басқа жоқ. Бешбармақ тұрса, қалай жемейсің, қолмен!”

Толып кетудің басты себебі — тамақ. Бірақ оны өзі емес қалап, еткен соң ағза талап, жейді жұрт саусағын жалап, қысқасы сол-ақ. Тоқетері мешкейлік — іштегі күйзелістен. Ал сол күйзелістен шығудың сан жолы бар. Оны адамның өзі таңдайды.

ҒАЛИЯШ МАҚАШЕВА, ПСИХОЛОГ
“Біреу мысалы спортпен айналысады, біреу қызықты фильм көреді деген сияқты. Біреу ән айтады деген сияқты, ал біреу дәмді тамақтар жейді. Яғни тығыны ашылады дейді ғой тамақтың”.

толып кетудің тағы бір төте жолы — қимыл қозғалыстың аздығы. Тура мағынасында жатып ішерлік, автоматтандырылған айнала. Ұлы емес, улы дала елі. Яғни экология.
Ал салдары,

ГҮЛНАР ҚАЛДЫБАЕВА, >200 КГ
“2011-де ауырдым, үстіме киетін киім жоқ болып, күзде жалаңаш жүріп, содан суық тиді де аяғыма, рожа болды. Рожа болды, одан кейін емделдім, рожадан кейін слоновостьқа айналды. Лимфостазға”.

Артық салмақ аяққа ғана әсер етпейді. Ауырладым дегенше ауырдым деңіз, толдым дегенше, болдым деңіз.

МАДИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ЭНДОКРИНОЛОГ
“Қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы бізде онкологияның ауралары, бедеулік, және де көбінесе сондай остеопороз жейміз, суставтың аурулары, артриты, инфаркт, инсульт қауіпті, өзіміздің ағзамызға өте қауіпті ауруларға көбінесе әкеледі”.

Ішің ауырса аузың тый. Яғни семіздікпен күрес әуелі диетадан басталады. Сенесіз бе Айтолқын 21 жасында 130 келі тартқан. Қазір жартысы қайда?

АЙТОЛҚЫН АЙХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
“Қайда барсам да, өзіммен бірге шөп-шаламымды салып жүретінмін. Мейлі туған күн, той болсын дастарханнан ештеңе жемедім. Құтыдағы тағамымды ғана талғажау етіп келдім.Ал 130 келі болғанымда, құрбы-достарымнан екі есе көп тамақ жедім. Олар бір бургер алса, мен екеуіне тапысырс беретінмін. Қарным ашқаннан емес, толықтығымнан қысылмайтындай көріну үшін. Ел маған аяп қарамасын деп. Ал іштей өзімді жейтінмін”.

ҒАЛИЯШ МАҚАШЕВА, ПСИХОЛОГ
«Сәл толып кетіпсің, саған сәл арықтау керек» деген уақытта ол намысқа тиеді. Ол не деп айтады? Мен осы қалпым жақсы өзіме ұнайды, мен осылай өзімді жақсы сезінем, ап-арық болып жүргеннің несі жақсы дейді. Ал, шындығында, кез-келген семіз әйел өзін айнаға қарағанда жек көреді. Сөз жоқ.

Дұрыс тамақтану, сосын спорт — артық салмақпен айқаста алғы шепте тұратын атаман. Қазір ел финтес-жаттығуларға қызыға бастады. Әркімнің келу пиғылы әр қилы. Бірі, салауатты өмірге ұмтылады, енді бірінікі жай «понт». Бұрымдылар белін жіңішкертіп, жігіттер білегін жуандатып жүр. Бірақ, семіздіктің алысып жүргендер некен саяқ. Есесіне, көзін сүзіп ер атаулыны аңдығандар көп. Жігіт те кетәрі емес, жібін үзердей, жұтынып қояды.

АКБАР ЖАРМАҒАНБЕТОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
“120-130 кг адамдар келіп жатады. Көбісі тұрақты емес 3-4 ай айналысады да, сосын қайтадан келеді. Әйтеуір ішкі күрес жүріп жатады”.
Диета, спортқа ақшаны айтпағанда, ерік жігер жетпесе, липосакция деген бар. Артық майды операциямен сылып алады. Бұдан басқа асқазанды кішірейтіп, темірмен тұсаулап қоюға болады. Бір күнде салмақтың 50-60 процентінен арыласыз. Бірақ бұл батпан құйрық қиын жерде жатқан құйрық. Пышақтың аты пышақ.

МАДИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ЭНДОКРИНОЛОГ
“Кәдімгідей мед жағынан вмешательство дейміз ғой сол асқөазанды олардың да өздерінің миетодикасы бар, шрунт салады, немесе екіге бөледі асқазанды одан кейін восстановление дейміз ғой ол өте ұзақ уақыт”.

Яғни, екінің бірі қорқады. Әрі қалтасы көтермейді. Құны 200 мың мен 2 млн-ның арасы. Гүлнар апай да аяғын тартып отыр. Ал қызы Жұлдыз анасын аяп, ағыл-тегіл жылап, көпшіліктен көмек сұрап жүр.

ЖҰЛДЫЗ БАЯШЕВА, ҚЫЗЫ:
“Мамамды жолғалтып алудан қорқам, емделіп шықса екен деймиін. Мамама көмек берсеңіздер болды”.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий