Салмағы 18 келі болатын алып нәресте дүниеге әкелді

Фото: worldnewsdailyreport.com

272 келі салмағы бар әйел 18 келі салмақтағы сәбиді дүниеге әкелді. Бұл әлемдік рекордты бұзған жаңалық болды. Тіпті ол осы нәтижесімен-ақ Гинестің рекордтар кітабына тіркеле алады деп хабарлайды BAQ.kz.

Оқиға Автралияда болған. Баланың кіндігін кескен дәрігерлер: «Біз үшем туар деп ойладық. Бірақ салмағы 18 кг жалғыз бала болып шықты», — дейді олар таңданысын жасыра алмай.

Босанған келіншек бұған дейін дәрігерлердің қарауында болмаған, ауруханаға тіркелмеген. Қауіптенген дәрігерлер баланы кесір тілігі арқылы алуға шешім қабылдапты. Қазір анасының да, баланың да жағдай бірқалыпты.

18 келі салмақпен туған сәби әлемдік рекорд орнатып отыр. Бұған дейінгі рекорд 1839 жылы 17 кг салмақпен дүниеге келген сәбидің еншісінде болатын.

 

[pt_view id=»2216c5d386″]

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий