Сарапшы: Қазақстанның уран өндіруде тәжірибесі мен біліктілігі мол

Қазақстанның ең үлкен жеңісі – халықаралық ядролық қарумен күрес күнінің белгіленгені.

 

 

Қазақстанның ең үлкен жеңісі – халықаралық ядролық қарумен күрес күнінің белгіленгені. 24.kz арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Бельгияның ядролық зерттеулер институты бас директорының орынбасары осылай деп мәлімдеді.

Семей ядролық полигоны жабылған соң, БҰҰ бұл датаны ресми түрде 29 тамызға бекіткен болатын. Хамид Аит Абдеррахим Қазақстанның аз байытылған уран банкін құру туралы пайымын да ортаға салды.

Хамид Аит Абдеррахим, Бельгияның ядролық зерттеулер институты бас директорының орынбасары:

«Қазақстандағы аз байытылған уран банкі әлемдегі даулы мәселелерді шешуге ықпал ете алады. Уранның қозғалу барысын орталықтандырылған тәсілмен бақылаған дұрыс. Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет болғандықтан, бұл мәселеде тәжірибесі мен біліктілігі мол».

Фото: solo122.clan.su



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий