Сауд Арабиясында әйелдерге абайя кимеуге рұқсат берілді

Сауд Арабиясы шейхы әйелдерге ұлттық діни киім – абайя кимеуге рұқсат берілгенін хабарлады.

Сауд Арабиясында әйелдерге қоғамдық орындарда абайя кимеуге рұқсат етілді, деп мәлімдеді Абдулла Әл-Мутлак, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  «Әл-Жазира»-ға сілтеме жасап.

«Мұсылман әйелдерінің 90%-ы абайя кимейді, бізде оларды бұған мәжбүрлемеуіміз керек», — деп мәлімдеді ол телеарна арқылы сөйлеген сөзінде.
Шейх Абдулла Аль-Мутлак Сауд Арабиясындағы жоғары діни органның мүшесі. Айта кетейік, мұндай мәлімдеме жоғары лауазымды дін өкілінің тарапынан алғаш рет жасалып отыр.

Абайя – әйел адамның басынан аяғына дейін жауып тұратын, кең қара көйлек.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий