Әсем Алматы 100 жыл ішінде қалай өзгерді? (фото)

Алматы қаласына биыл 1000 жыл толады. Осыған орай жергілікті билік Универсиада нысандарын мерейтойға орай ашу үшін барын салып жатыр.

Тарихшылардың сөзінше, Алматының соңғы 150 жылда болған оқиғалары ғана құжат жүзінде қалған. Соның бірі эксклюзивті фото кадрлар.

NUR.KZ  порталы өз оқырмандарына 1000 жылдық тарихы бар шаһардың соңғы 1 ғасырдағы өмірін таныстыруды жөн санап отыр. Сіздерді Алматы қаласында орналасқан Фотолар киноқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты ұсынған өте сирек суреттер легімен таныстырамыз.

Материалды дайындау барысында көрсеткен көмегі үшін Фотолар киноқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.

1. Қазіргі Максим Горький көшесі 1914 жылы «Торговая» деп аталған. Бұл маңда базарлар мен сауда дүкендері орналасқан. Қазір бұл Жібек-жолы көшесі. Арбат

2. Алматының жоғарыдан түсіргендегі көрінісі. 1914 жылы «Лепсинской» деп аталған көше қазір, Фурманов даңғылы. Фотодағы дерек бойынша орталықта мешіт болған.

3. Қыздар гимназиясы. 1910 жыл. Қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті. Гоголь көшесінің бойы.

4. Пролетарская көшесінің бойындағы әскерилер үйі. 1908 жыл. Қазір аталған ғимарат бәз қалпында сақталып, «Ықылас» атындағы музыкалық аспаптар мұражайына айналды. Көшенің аты Зенков болып өзгертілген.

5. 1887 жылы түсірілген Пролеттаская мен Советская көшелерің қилысындағы сәулетті ғимарат. Қазір Қазыбек би көшесінің бойы мен Зенков көшесінің қилысындағы бұл ғимарат жақсы сақталған.

6. 1912-1913 жылдары қыста түсірілген Лепсинской көшесі. Қазіргі Фурманов даңғылы. 100 жыл бұрын қаланың басты көшелерінің бойында арба мен шана жегілген аттарды байлап кететін арнайы орындар болған. Қазір бұл орындарды автотұрақтар алмастырды.

7. 1913 жылғы Карл Маркс көшесінің көктемдегі көрінісі. Еріген қар суынан жолдың бойы батпаққа батып жатыр. Алғашқы электр сымдары да осы көшенің бойымен жүргізілген. Қазіргі Дінмұхаммед Қонаев атындағы көше.

8. 1887 жылғы жер сілкінісінен соң тұрғызылған ер балалар гимназиясы. Құрлысқа ағаш материал қолданғандықтан сәулеті сыр берместен осы күнге дейін сақталды. Тек күмбезі ғана алынып, ғиматар күрделі жөндеуден өткен. Қазір бұл ғимаратта Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті орналасқан. Бұрыңғы Советская-Губернаторская көшелерінің қилысы. Қазіргі Достық даңғылы мен Қазыбек би көшелері.

9. 1907 жылы салынған Вознесенский кафедральный шіркеуі. Сурет 1910 жылдың жазында түсірілген. Шіркеу қазіргі уақытқа дейін сақталды. 1929–1995 жылдар арасында бұл ғимарат мұражай, концерт залы ретінде қолданыста болған. Ал, қазіргі уақытта сәулетті құрылыс ескерткіш ретінде республикалық қорғауға алынған.

10. Верный қаласының тұрғындары. 1885-1886 жылдар. Тарихи деректерге сүйенсек 19-20 ғасырда шаһарда 3000-нан астам тұрғын үй болған. Ал, халық саны 20 мыңнан асып жығылады. Ал қазір, Алматы алып шаһарға айналды. Статистика агенттігің мәліметінше 2015 жылдың 1 ақпанында тұрақты тіркеудегі тұрғынның саны -1 552 349.

11. 1896 -1912 жылдары салынған маталар дүкені. Ғимаратты Татар саудагері Исхак Габдулваливтың тапсыры бойынша сәулетші Гурдэ салған. Аталған ғимарат 2009 жылдың жазында отқа оранып, қайта жаңартылды. Қазірде «Қызыл таң» деп аталатын дүкен.

12. 1908 жылы тұрғызылған етікшілердің қожайыны Головизиннің үйі. Кейбір деректерде Леонид Брежнев Қаз ССР басқарған уақытта осы ғиамаратта тұрған. Қазір бұл ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, 100 пайызға өзгеріп кетті. Фурманов-Құрманғазы көшелерінің қилысы.

13. XIX ғасырдың аяғында салынған Верненский қыздар училищесі. Пушкин – Гоголь көшелерінің қилысы. Ғимарат түбегейлі жойылып кетпеді. Қазір бұл жерде KFС тез тамақтану мейрамханасы орналасқан.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет

Дереккөз: Nur.kz

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий