Иллюстрациялық фото: news.tut.by
Басқарманың мемлекеттік тіл және ақпараттық бөлімінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуына қарағанда, қайғылы оқиға 24 сәуір күні түс кезінде болған.
Марқұм Семей қаласының шет жағындағы үйінің жанында өз көлігінің ішінде өзін-өзі өртеп, сол жерде жан тапсырған.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-тармағы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша соталды тергеу басталып, полиция қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.