Фото: vk.com
Бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, қазір сенат депутаты болып отырған Нұртай Әбіқаевтың есімі бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жылы сирек айтылса да, оның ұлдары ара-тұра бұқаралық ақпарат құралдарында төбе көрсетіп тұрады.
NUR.KZ порталы ғаламтордағы ашық ақпарат көздерінен саясаткердің балалары жайында мәлімет іздеп көрді.
Сонымен, Нұртай Әбіқайұлы мен оның жұбайы Римма Филипповна екі ұл, бір қыздың ата-анасы.
Фото: vk.com
Әбіқаевтың балаларында ірі бизнес жоқ, жемқорлықпен байланысты басы дауда ешқашан қалмаған, тіпті басқа элита өкілдерімен салыстырғанда олар қарапайым рейсті ұшақтарда эконом класспен ұшады деп жазады отандық басылымдар.
Үлкен ұлы Марат Әбіқаев Қазақстан автомотоспорт федерациясын басқарады.
Фото: vk.com
Әлеуметтік желідегі парақшасынан оның өз ісін сүйетіні байқалады.
Фото: vk.com
Фото: vk.com
2013 жылы ол Әбу Дабиде болған автожарыста апатқа ұшырап, омыртқасына зақым келген болатын.
Көрнекі сурет. Фото: zibroo.org
Ал 2017 жылдың мамыр айында Марат Нұртайұлы Әбіқаевтың атсалысуымен елімізде, Маңғыстау облысының аумағында ралли-рейд бойынша әлем чемпионаты өтпек.
Фото: vk.com
Айта кетсек, Марат Әбіқаевтың Нұрсұлтан есімді ұлы бар.
Сенат депутатының екінші ұлы Сергей Нұртайұлы Нұртаев былтыр Қазақстанның Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Фото: forbes.kz
Осыған дейін ол Қазақстанның Грекиядағы елшісі қызметін атқарып келген.
Фото: vk.com
Фото: vk.com
Сергей Нұртаев жұбайы Екатерина Нұртаевамен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.
Фото: vk.com
Нұртай Әбіқаевтың кенжесі – Әлия Әбіқаева туралы ақпарат ғаламторда мүлде аз.
Фото: vk.com
Дегенмен, Әлия Әбіқаева-Тизенгаузен есімі сурет өнері мамандарының арасында кеңінен танымал. Осы жылдың шілде айында өнертанушының «Өнердегі Орта Азия, кеңестік ориентализмнен жаңа республикаларға» атты зерттеу кітабы жарық көрді деп жазады Buro 24/7 басылымы. Сондай-ақ басылым Әлия Әбіқаева-Тизенгаузеннің еңбегінен үзіндіні аударып басты.
Әлия Әбіқаеваға Тизенгаузен тегі қайдан жабысып жүр? Бұл сұрақтың жауабын оның жолдасы Алексей Тизенгаузен отандық бизнес басылымға берген бір сұхбатында ашып айтады.
Фото: vk.com
«Менің Қазақстанмен қандай байланысым бар екенін көпшілігі біледі деп ойлаймын. Менің жұбайым Әлия Қазақстанда туып-өскен. Мен мұнда жылына екі-үш рет келіп тұрамын. Ол – өнертанушы, бізді тек неке емес, өнерге деген махаббат қосып отыр», — деген еді Алексей Тизенгаузен.
Алексей Тизенгаузен Ұлыбританиядағы CHRISTIE’S орыс көркемөнері халықаралық департаментінің басшысы.