ШҚО-да ер адам нақсүйерін өлтіріп, оның мәйітін 300 метр жерге дейін сүйреген

Сот алдына келген ер адам. Көрнекі фото

37 жастағы Зырян ауданының тұрғыны нақсүйерін интим қатынасқа түскеннен кейін өлтіріп тастаған. Ер адамның мұндай әрекетке баруына нақсүйерінің бәрін әйеліне жайып салам деп қорқытқаны себеп болған деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиғаның толық мән-жайы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін ер адам аяусыз зорлағаны үшін сот алдына келген. Ол өзінің нақсүйеріне де арадағы жанжалды шешу кезінде ешқандай аяушылық танытпаған.

Оқиға болған күні әйел танысын бірге ішімдік ішуге шақырған. Олар пәтерде көп болмаған. Яғни, ол ер адамның көлігіне отырып, қала сыртына аттанған. Зырянның шет жағына шығып, елсіз жерге тоқтаған олар бірге ішімдік ішуін жалғастырады. Кейін бірге жыныстық қатынасқа түседі. Осыдан кейін екеуінің арасындағы әңгіме басталып, әйел өзінің «тауар» емес екенін сотталушының есіне салып, нақсүйерімен арадағы байланысын әйеліне айтамын деп қорқытады.

Ашуға булыққан ер адам көліктің багажынан балға алып шығып, әйелдің басынан бірнеше рет ұрған. Осыдан кейін ол әйелді көлікке байлап, 300 метр жерге дейін сүйреген. Ер адамға бұл әрекетінен кейін де әйел тірі болып көрінген. Ол нақсүйерінің өлгеніне толық көз жеткізу үшін балғамен тағы бірнеше мәрте ұрған. Осыдан соң арқанды шешіп, үйіне кетіп қалған.

Сот нақсүйерін өлтірген азаматты 13 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий