Шахтадан алтын табам деген ақмолалық азамат абайсызда мерт болды

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Ақмола облысында заңсыз алтын іздеуге түскен адамды тау жынысы басып қалды деп хабарлайды Құқық қорғау органдарына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Оқиға 25 ақпан күні таңертең Бестөбе ауылындағы «Қазақалтын» АҚ шахтасында орын алған.

«Западная кенішінде тау жынысы опырылып, салдарынан 1970 жылы туылған заңсыз алтын іздеуші қаза тапты», — деп хабарлады ведомство.

Тексеру барысында ер адамның шахтаға 19 ақпан күні заңсыз алтын руда алу үшін түскені белгілі болды. Денесі мәйітханаға жолданып, сараптама жүргізіліп жатыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий