2 маусымда, Тәжікстан президентінің Өзбекстанға сапары аясында, Яван су электр станциясы құрылысын бастау салтанаты өтті, деп хабарлады өзбек президентінің баспасөз қызметі.
Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмон құрылыс басталғанын білдіретін тетікті бірге басты.
Бұл — екі елдің энергетика саласындағы әріптестігі нәтижесінде дүниеге келген алғашқы ірі жоба. «Қазіргі заманғы станцияның қуаты — 140 мегаватт. Ол екі елдің энергетика қауіпсіздігі, су және агро салаларында мағызды рөл атқарады», — деп жазды баспасөз қызметі.
Станция құрлысын салу барысында әлемнің алдыңғы қатарлы ірі компаниялары тартылады.
Жобаны қаржыландыруға ірі халықаралық институттар, соның ішінде Азия даму банкі мен Еуропадағы даму және қайта құру банкі қызығушылық білдірді.
Яван су электр станциясының құны 282 млн доллар. Ол 700−800 миллион кВт·с электр қуатын өндіреді.