Шавкат Мирзияев Швециядағы Құран өртеу акциясын сынады

Өзбекстан президенттігіне үміткер Шавкат Мирзияев Ташкентте сайлаушылармен кездесуде Швецияда қасиетті Құранды өртеу әрекетін сынады.

Өзбекстан либерал-демократиялық партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзияев астанадағы сайлаушылармен 5 шілдеде кезесті.

«Дінді, әлемдегі миллиондаған адамдардың діни сенімін қорлайтын мұндай әрекеттерге жол берілмеуі керек» деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Мирзияев «түрлі ұлттар мен халықтардың дінін қорлауды көздейтін радикализм мен экстремизмге қарсы екенін» айтты.

28 маусымда Стокгольм бас мешіті маңында Құранды өртеу акциясы өтті. Мәліметтерге қарағанда, акцияны 37 жастағы Салван Момика ұйымдастырған. Ол Швецияға Ирактан босқын ретінде келген.

Швеция астанасындағы акцияны мұсылман елдеріндегі саясаткерлердің көбі сынады. Атап айтқанда, түрік билігі Швецияны НАТО құрамына қабылдауға қарсы шығып отыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий