Шекарадағы жанжал: Қырғызстанда қару тарату туралы заң талқыланып жатыр (видео)

Қырғызстанда шекаралас аудандардың тұрғындарына қару алып жүруге рұқсат беретін заң жобасы қоғам талқылауына ұсынылды.

Қырғыз парламентіндегі бір топ депутат шекарада ерекше құзыретке ие тұлғалар туралы заңға өзгерту енгізу турады заң жобасын дайындады. Депутаттардың пікірінше, «құзыретті азаматтарға» қосымша құқықтар мен артықшылықтар беру қажет.

Мұндай өзгерістер шекара қауіпсіздігін сақтауға, ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға көмектеседі, деп есептейді құжат авторлары.

«Шекарадағы құзырлылар туралы» заң 2015 жылы күшіне енген. Мұндай заң шекаралас аудандардың тұрғындарын мемлекеттік тұтастығын қамтамасыз ету қызметіне тарту мақсатында қабылданған.

Мұндай тұрғындар Шекара қызметтеріне ақпараттық қолдау көрсетеді. Қазір 140 шекарадағы құзырлы қызмет атқарып жүр. Бес жылда олардың ешқайсысы зардап шекпеген немесе жараланбаған.

Құжат авторларының айтуынша, заң жобасы шекарадағы барлық тұрғынға қару таратып беруді көздемейді. Қаруды қарулы жанжал кезінде қажет болғанда іріктеуден өткен шекарадағы құзырлыларға ғана таратады. Қару әскери бөлімдерде сақталады.

Заң жобасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының кейбірі мұндай бастаманы қолдаса, бірқатары бұның кері салдары болуы мүмкін екенін ескертті.

Қырғызстанның Өзбекстан және Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысында жылда шекарада жанжал болып тұрады. Тұрғындар әдетте суға, жайылымға таласып, кейде төбелесіп қалады. Бұл жолы тұрғындар бір-біріне оқ атты. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалдан 36 қырғызстандық қаза тапты. Тәжікстан 19 адам қаза тапқаны туралы мәлімдеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий