Шенеунік өзіне қарсы шыққан халықтан қорқып, олармен қосылып намаз оқып кетті

Фото: Muslim.kz.

Индонезия астанасы Джакарта қаласындағы мыңдаған мұсылман наразылық шеруіне шықты деп хабарлайды Muslim.kz.

Олар шаһар губернаторы Басуки Чахая Пурнаманың қасиетті Құран Кәрімді қорлаған қылығы үшін жауапқа тартылуын талап етуде.

Шерушілерге ел президенті Джоко Видодоның өзі басу айтып, олармен ұлттық ескерткіш алдында бірге намаз оқыды.

«Еліміз бен жеріміздің амандығын тілеген құлшылық-дұғаларыңыз үшін сіздерге алғысым шексіз», – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Басуки Чахая Пурнама – Джакарта қаласының губернаторы лауазымына 50 жылдан бері бірінші рет сайланған христиан дінінің өкілі.

Жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күресіп, елге белгілі болған саясаткердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа тапсырылып отыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий