Шенеуніктер Бекболат Тілеуханның әрекетін «көзбояушылық» деп атады

Оқулықтар. Кадр КТК арнасы

Мектеп оқулықтары төңірегіндегі дау өршімесе басылатын түрі жоқ. Әсіресе, кітап беттерінде өріп жүрген қате, түсініксіз тапсырма оқушылар мен ата-аналарды әбден мезі еткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Ол аздай, оқулықты реттеуі тиіс комиссия мүшелері мектеп бағдарламасынан тағы да шикіліп тауып отыр.

«Қазақ тілі мен әдебиетті неге біріктіріп жіберген? Геометрия мен алгербраны біріктіруге болмайтын сияқты тіл деген грамматика, әдебиет христоматиялық негізде. Ол неге біріктірілген? Қате. Сосын мына қазақ әдебиетіне еңбек және климаттық жағдай дегеннің қандай қажеті бар?», — дейді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Мұндай қателерді түзету үшін комиссия мүшелері оқулықты дайындау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет дейді. Яғни, кітап әзірлеуді қазіргідей бәсекелес ортаға бермеу керек. Өйткені, баспамен айналысатын бизнесмендер ақша табуды ғана көздеп, оқулықтың мазмұндық сапасына салғырт қарайды екен. Бірақ, мұндай ұсыныс Білім вице-министріне ұнамай қалған секілді.

Бекболат Тілеухан

Тіпті, Эльмира Суханбердиева сөз арасында Тілеуханды көзге түскісі келетін «популист» деп айтып қалды.

«Популизм емес, Эльмира. Бұл жанымның ауырған нәрсесі. Популизм емес. Уааллахи популизм емес. Құдайдың атымен ант етейін популизм емес.

–Беке біз оны алып тастадық қой.

–Алып тастаған жоқсыздар! Сөз бөлмеңіздер», — деді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Бұдан кейін де депутат пен вице-министр біразға дейін дауласты. Өзін «популист» дегенге қатты ренжісе керек, Тілеухан жиын соңында шенеуніктің тағы бетін қайтарып тастады.

Эльмира Суханбердиева, Білім және ғылым вице-министрі: Бекболат Тілеухан мырзаға алғыс айтқым келеді. Неге десеңіздер, қаншама осындай пәндік комиссияның ішінде депутат бар қатысқаны біреу ғана. Ол Бекең мырза. Осы кісі ғана бізге көмектесіп жатыр.

Бекболат Тілеухан: Көмектесіп жатқаным жоқ мен қарсымын. Мен бұған көмектеспеймін. Құдай бұған көмектесіп, ұрпақтың қарғысына қалудан сақтасын.

Осылайша, мектеп оқулықтарын реттеуі тиіс комиссияның алғашқы отырысы айғай шумен аяқталды. Енді олар еліміздегі барлық баспалардың кітабын тексеріп, мектеп бағдарламасына сәйкестігін тексеріп шығуы тиіс.

Сөйтіп, оқулықтағы олқылықтар түзеледі деген үміт бар.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий